“SIRIUS CUP VII” мектеп лигасы турнирінің жеңімпаздары анықталды

2024 жылғы 6-7 сәуірде “Тұран” университетінің қабырғасында “Sirius” зияткерлік пікірсайыс клубы ұйымдастырған “Sirius Cup VII”мектеп лигасымен дәстүрлі республикалық турнир өтті.

 

Сәуір айының басында-жоғары деңгейде “Тұран” университетінің аумағында оқушылар үшін Sirius CUP VII кезекті турнирі өтті. Сайысқа қатысушылар “Тұран” университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшановтың атынан бас жүлде – 4 жылға арналған “ректорлық грант” үшін барлық мүмкіндікті жасап, қызықты күрес көрсетті.

 

Турнирге Қазақстанның 6 өңірінен 68 фракция, 136 қатысушы қатысты. Пікірсайыс барысында оқушылар әлемдік маңызы бар тақырыптар туралы ой жүгіртті, пікір алмасты, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша пікірталастар өткізді.

 

136 қатысушыдан тұратын екі күндік турнир қорытындысы бойынша Титанова Диана

 

“Тұран” университетінде 2 жыл оқуға арналған ең үздік спикер және грант иегері атанды. Ең үздік спикер Әзімхан Бекарыс және “Тұран” университетінде оқудың бірінші жылына 50% жеңілдік иегері атанды.

 

“Ең үздік судья” номинациясы бойынша Тұрғанғали Рамазан марапатталып, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

 

“Үздік гид” номинациясы бойынша Мырзағали Данияр марапатталып, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

 

Турнир кестесінің үшінші орында “Импровизация” фракциясынан Төлепбек Арайлым мен Сапабек Алтынай “Тұран”университетінде 1 жылдық оқуға ректорлық грант алды.

 

Ой-өрісінің кеңдігі мен білімге деген ұмтылысының арқасында екінші орын алған Қойшиева Арайлым мен Табынбаева Нұрдана “Тұран”университетінде 2 жыл тегін оқуға мүмкіндік алды.

 

“Тұран” университетінде 4 жылға құрметті бірінші орын және ректорлық грантты “Тұран үшін” фракциясының оқушылары Сейдихан Дана мен Окан Асыл алды.

 

Пікірсайыстың жас қатысушыларын алғашқы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және “пікірсайыс әлемінде” жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз! Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін! Сонымен қатар, “Sirius Cup VII” турнирін жоғары деңгейде өткізуге үлкен үлес қосқан біздің демеушілерімізге және университет басшылығына, “Тұран” университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлына үлкен құрметпен алғыс білдіреміз.

Online қабылдау