Құжаттаманы және архивтерді басқару

«Құжаттаманы және архивтерді басқару» магистрлік бағдарламасы келесі мақсаттарға арналған:

– инновациялық архивті басқару және құжаттама процестерін цифрландыру мәселелері бойынша қолданбалы білімді алу;

– менеджерлерді құжат және архивті басқару саласында оқыту.

 

Академиялық дәреже: экономика және бизнес магистрі

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқу тілі: қазақ, орыс.

 

Оқытудың бағыттары мен шарттары:

– бейінді бағыт – 1 жыл

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

«Құжаттаманы және архивтерді басқару» магистрлік бағдарламасы қоғамның басқарушылық қабілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға, құжат айналымы саласындағы жан-жақты білімді, интеллектуалды дамыған менеджерлерге қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жаңа ақпаратты енгізумен байланысты құжатталған ақпаратты өңдеу және сақтауға бағытталған.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

оқу үдерісі оқытудың белсенді әдістерін қолдануға негізделген: тәжірибелік жаттығулар, кейстер, іскерлік ойындар, топтық жобалармен жұмыс;

– Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде және Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтында өндірістік тәжірибеден өту;

– екі университетте бірден оқып, 2 университеттің дипломын алу;

ӨЗЕКТІ ЖӘНЕ ЭКСКЛЮЗИВТІ КУРСТАР:

Электрондық үкіметтің ақпараттары мен құжаттамасын басқару

– Ұйымдардағы құжат айналымы технологиялары

– Құжаттама мен архивтерді басқарудағы цифрландыру

– Құжаттамада көп деңгейлі ақпараттық жүйелерді басқару

Мұрағаттық құжаттаманың сапасын басқару

– Құжат айналымы және стандарттау

Қабылдау комиссиясы