Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Бакалавриат

 

Қазақстан нарығында телекоммуникацияның қарқынды дамуы және жаңа операторлардың пайда болуы заманауи телекоммуникациялық жүйелердің құрылымы және ұлттық, ұлтаралық ақпараттық-коммуникациялық желілердің даму тенденциялары туралы ұғымдарды игерген телекоммуникация саласының мамандарын дайындауды талап етеді. Оқыту үрдісінде алынған білім және дағдылар Қазақстанның және шет елдің ірі телекоммуникациялық компанияларында сымды, деректер тарату, ақпараттық-есептеу желілерінің, радиобайланыс, соның ішінде теледидар және радиохабар желілерінің барлық жүйелерін жобалау, құру, оларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

Шифр: 6В06201 

 

Академиялық дәрежесі: 6В06201– «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр

 

Біліктілігі: техника және технологиялар бакалавры

 

ҰБТ кезінде таңдалатын пән: таңдау пәні – физика

 

Оқыту нысаны: күндізгі, қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы оқыту мерзімі қысқартылған күндізгі нысан

 

Оқыту мерзімі:

 

  • Орта білімнен кейін 4 жыл
  • Орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
  • Жоғары білімнен кейін 2 жыл

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

  • инженер біліктілігі бар жоғарғы техникалық білім;
  • әр түрлі салалар үшін телекоммуникация желілерін жобалау/құрудың нақты инженерлік шарттарына бейімделу дағдыларыбар жоғарғы техникалық білім;
  • қызмет көрсету аясы бойынша заманауи ақпараттық технологиялар (бағдарламалық өнімдер) туралы білімді меңгеруге мүмкіндік беретін жоғарғы техникалық білім;
  • байланыс желілері мен жүйелерін интеграциялау (біріктіру) бойынша білімді меңгеруге мүмкіндік беретін жоғарғы техникалық білім;
  • сымды байланыс, теледидар және радио байланысы саласындағы көп функционалды кәсіби құзіреттілігі бар жоғары техникалық білім;
  • жобалау жұмыстарын орындау дағдылары бар жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы менеджмент және маркетинг туралы білім ұсынатын жоғары техникалық білім;
  • кәсіпкерлік білімі бар жоғары техникалық білім;
  • алыс және жақын шетелдердің университеттерінде – Малайзия, Германия, Польша, Болгария, Латвия, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстанның және т.б. жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі.
  • түлектер жоғары сұранысқа ие және “Казахтелеком” АҚ, «Казтелерадио» АҚ, “РТРК Казахстан” АҚ, «K-CELL» АҚ, «АЛТЕЛ» АҚ, «Corporate Business Systems Engineering» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «НТС сервис» ЖШС, «CT Filmz» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Cyberdine systems» ЖШС және т.б. телекоммуникациялық кәсіпорындарда жұмыс істейді;
  • студенттер “Казтелерадио” АҚ, “Казахтелеком” АҚ, “РТРК Казахстан” АҚ, «K-CELL» АҚ , «Парк инновационных технологий»АЭА , «АЛТЕЛ» АҚ, “LOGYCOM” ЖШС, «Bekmambetov cinema» ЖШС, «НТК» ЖШС, «Corporate Business Systems Engineering» ЖШС және т.б. ұйымдарда тәжірибеден өтеді.

 

ӨЗЕКТІ ЖӘНЕ АЙРЫҚША КУРСТАР

 

  • Абоненттік қатынау
  • Талшықты-оптикалық байланыс желілері
  • IP- теледидар және NGN негіздері
  • Мобильді байланыс негіздері
  • Сандық теледидар
  • Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану
  • Компьютерлік графика және телекоммуникация желілерін модельдеудің қолданбыалы пакеттері
  • Ақпараттық-коммуникациялық желілер мен жүйелерді құру теориясы
  • Телекоммуникация желілері және жүйелері
  • Кәсіпкерлікке кіріспе
  • Бизнесті ұйымдастыру
  • Бизнесті заңдық қолдау
  • Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
  • Маркетингтік талдау
  • Жобаларды басқару
  • Инновациялық үрдістерді басқару
  • Технологиялық стартапты дамыту

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

 

  • АО «КАЗАКТЕЛЕКОМ»
  • ТОО «NLS КАЗАХСТАН»
  • СЭЗ «ПАРК ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»
  • РГП ПХВ Институт Информационных и вычислительных технологий КН МОН РК
  • ТОО Астана – Өрттен Қорғау 101
  • ТОО «Капиталтелеком»
  • ТОО TopBMEG

МАНСАП БОЛАШАҒЫ

 

Кәсіби қызмет саласы

 

«Сымды, радио және оптикалық жүйелерді пайдалана отырып ақпаратты сенімді және сапалы таратуды, қабылдауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін технологияларды, әдістерді, құралдарды жобалау, пайдалану, техникалық қолдау, желіні басқару, әзірлеу»

 

  1. Смарт жүйелерді әзірлеу жөніндегі инженер: интеллектуалды басқару, автоматтандыру және бақылау жүйелерін жобалау және енгізу.
  2. Радиоинженер: радиоэлектрондық құрылғылар мен жүйелерді жобалау, құру және сынаумен, сондай-ақ радиотехника және электроника саласында ғылыми зерттеулер жүргізумен және жаңа технологияларды әзірлеумен айналысады.
  3. Электрондық инженер: Электрондық компоненттерді, құрылғыларды, электронды жабдықтар мен жүйелерді әзірлеу, өндіру және жобалау.
  4. Байланыс инженері: спутниктік, ұялы және сымды байланысты қоса алғанда, байланыс жүйелерін жобалау және техникалық қолдау.
  5. IoT қауіпсіздігі бойынша маман: IoT құрылғыларын қорғау және Интернет заттар жүйелерінде қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шаралары мен сымсыз желілерді, соның ішінде Wi-Fi, Bluetooth, Zigbee және басқа технологияларды жобалау, енгізу және оңтайландыру.
  6. Цифрлық сигналдарды өңдеу инженері: байланыс және радиолокациялық жүйелерде цифрлық сигналдарды өңдеу және тарату жүйелері мен алгоритмдерін әзірлеу.

 

Кәсіби қызметтің объектілері

 

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып технологиялық жүйелермен жұмыс істейтін кәсіпорындар, кешендер, мекемелер, білім беру ұйымдары және басқа белгілер, сигналдар, жазбаша мәтін, кескіндер, дыбыстар, сымдар, радио арқылы таралуын, шығарылуын және қабылдануын қамтамасыз ететін техникалық құралдар табылады:

 

  • байланыс желілері және коммутация жүйелері;
  • оптикалық диапазон жүйелерін қоса алғанда, көпарналы телекоммуникация жүйелері;
  • радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде спутниктік, радиорелейлік және ұялы байланыс жүйелері;
  • дыбыстық және телевизиялық хабар таратуға, электроакустикаға және сөйлеу информатикасына, мультимедиялық технологияға арналған жүйелер мен құрылғылар;
  • мәліметтерді беруге арналған жүйелер мен құрылғылар;
  • объектілерді басқаруға, ақпаратты түрлендіруге арналған компьютерлік жүйелерді қоса алғанда;
  • телекоммуникациялық жүйелердегі ақпаратты қорғау құралдары;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді метрологиялық қамтамасыз ету құралдары;
  • телекоммуникациядағы менеджмент және маркетинг;
  • телекоммуникациялық құрылғыларға жедел және сервистік қызмет көрсетуді басқару.

 

Кәсіби қызмет пәндері

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері:

 

  • Радиоэлектрондық құрылғылар мен жүйелер.
  • Электрондық бөлшектер мен жабдықтар.
  • Байланыс және телекоммуникация жүйелері.
  • Сигналдарды өңдеу алгоритмдері.
  • Радиотехника және электроника саласындағы технологиялар.
  • Электромагниттік үйлесімділік.
  • Сымсыз және сымды желілердің инфрақұрылымы.
  • Телекоммуникациялық жүйелердің қауіпсіздігі.
  • Радиотехника және телекоммуникациядағы жобаларды басқару.
  • IoT (Internet of Things) негізіндегі шешімдер.
  • Сымсыз байланыс.

 

Кәсіби қызмет түрлері

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

 

  • өндірістік-технологиялық;
  • қызметтік-эксплуатациялық;
  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • монтаждау-іске қосу;
  • есептік-жобалық;
  • эксперименттік-зерттеу.

 

Кәсіби қызмет функциялары

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бакалавр негізгі және профильді дайындыққа сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі функцияларды орындай алады:

 

  • жобалау;
  • эксплуатация;
  • сервис;
  • монтаж;
  • іске қосу;
  • қолдау;
  • тестілеу;
  • бағдарламалық және аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.
Қабылдау комиссиясы