Тұранға қалай түсуге болады

1
Мамандық туралы шешім қабылдаңыз
2
ҰБТ тапсыру үшін тестілеуге тіркеліңіз.

Тіркелу: app.testcenter.kz

Өтініштер жылына 4 рет қабылданады: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз.

3
ҰБТ тапсырыңыз

Негізгі ҰБТ-да сізге 2 мүмкіндік беріледі.

Тестілеу 5 пән бойынша жүргізіледі: үш міндетті және екі бейінді.

4
Университетке құжат тапсырыңыз

Міндетті пәндер:

  • Математикалық сауаттылық
  • Оқу сауаттылығы
  • Қазақстан тарихы

Салалық пәндер:

Университетке түсу ушін шекті балл деңгейі:

  • “Құқық” білім беру бағдарламаларының тобы бойынша кемінде 75 балл (Қазақстан тарихы мен бейіндік пәндер бойынша кемінде 5 балл, Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылық бойынша кемінде 3 балл)
  • қалған білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 50 балл (Қазақстан тарихы мен бейіндік пәндер бойынша кемінде 5 балл, Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылық бойынша кемінде 3 балл)

Шығармашылық емтихан туралы

Шығармашылық мамандықтарға түсу үшін сізге ҰБТ-да екі пән тапсыру қажет – Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. Кейін сіз университетте қосымша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз.

 

ҰБТ-ны 5 пәннен де тапсырып, шығармашылық мамандықтарға түсуге болады. Бірақ шығармашылық емтихан міндетті түрде тапсырылуы керек. Біз екі ҰБТ пәні мен емтихан ұпайларын қосып санаймыз.

 

Барлығы 130 балл жинай аласыз. Ақылы және грант үшін шекті балл кем дегенде 50 баллды құрайды, әр пәннен кемінде 5 баллдан.

 

Шығармашылық мамандықтарға жатады:

 

  • Журналистика 
  • Қоғаммен байланыс
  • Режиссура
  • Операторское искусство
  • Актерское мастерство

Шығармашылық емтиханда сізді не күтеді?

Мемлекеттік грантқа қалай өтініш беруге болады

Ол үшін қажетті құжаттар тізімін жинап, оларды сканерден өткізу қажет.  Талапкер өз бетінше Egov сайты арқылы электрондық өтініш береді  немесе құжаттарымен бірге университеттің қабылдау бөліміне келеді. Қабылдау бөлімінің мамандары талапкерге өтініш беруге кезең-кезеңімен көмектеседі. Содан кейін үміткерлер нәтижелерді күтеді, әдетте нәтиже тамыз айының басында жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Орта немесе жоғары білім туралы құжат, қосымшасымен (түпнұсқа + көшірме).
  2. ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат.
  3. Жеке куәлік көшірмесі.
  4. 075-у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография.
  5. 063 нысанындағы медициналық анықтама (денсаулық паспорты).
  6. 6 дана 3×4 сурет.

Оқу бағыттары:

Университетте 2 жылдық қысқартылған бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндігі қарастырылған. Сіз бірден 3 курс студенттерімен теңесесіз. Туыс мамандыққа ғана түсе аласыз. Туыс мамандықтар тізімін қабылдау бөлімінен нақтылай аласыз.

Университетте 3 жылдық қысқартылған бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндігі қарастырылған. Сіз бірден 2 курс студенттерімен теңесесіз. Туыс мамандыққа ғана түсе аласыз. Туыс мамандықтар тізімін қабылдау бөлімінен нақтылай аласыз.

Мамандығыңызды ауыстырып, сәйкес емес мамандыққа түссеңіз, онда оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Түсу шарттары мектептен кейін түсетін талапкерлермен бірдей.

  • Қабылдау емтиханы – 5 пәннен ҰБТ
  • Қашықтықтан оқыту бөлімі жоқ
  • Әскери кафедраға түсу мүмкіндігі бар

Егер сіз мамандықты өзгертсеңіз және туыс  білім беру бағдарламасына  түспесеңіз, түсу ережелері мектептен кейінгі оқуға түсушілермен бірдей болады. Сізге ҰБТ бойынша 5 пән тапсырып, кемінде 50 балл жинау қажет.

 

Егер сіз туыс мамандық бойынша оқуға түссеңіз, онда ҰБТ-ны тапсырудың қажеті жоқ. Университеттің қабылдау бөлімінде ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазасыз. Тақырыптар сіздің білім беру бағдарламаңызға сәйкес таңдалған. Туыс мамандықтардың тізімін қабылдау бөлімінен алуға болады.

 

Мемлекеттік грантқа түсу үшін ҰБТ қысқартылған форматта өтеді, сіз 2 бейіндік пән тапсырасыз.

Қандай пәндерді тапсыру керек:

Шетелдік азаматтар үшін қабылдау университет қабырғасында әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.

 

Егер басқа елдің азаматы Қазақстанда мектеп бітірген болса, онда қабылдау ҰБТ бойынша жүргізіледі.

 

Өтініштер 1 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады.

Құжаттар тізімі:

  • Білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус жүзеге асырады;
  • Жеке басын куәландыратын құжат, құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус жүзеге асырады;
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік
  • № 075 денсаулық анықтамасы, медициналық анықтамалар Қазақстан Республикасының аумағында жасалған;
  • Фотосурет 3х4 – 6 дана

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде берілген білім туралы құжаттар нострификациялау рәсімінен өтеді.

Online қабылдау