«Тұран» университетінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Жастар жылына арналған іс-шаралары аясында Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық қызметінің мақсаты “бір терезе” қағидаты бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау болып табылады.
⠀
Қызметтер
- студенттің өтінімі бойынша транскрипт;
- оқу орнынан анықтама алу;
- пәндерді тіркеу;
- академиялық демалыс беру, оқудан шығару, басқа мамандықтар мен оқу түрлеріне ауыстыру, жеке мәліметтерді ауыстыру және т. б. мәселелер бойынша өтініштер қабылдау;
- бос мемлекеттік білім грантына құжаттарды қабылдау немесе президенттік стипендияны тағайындау;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау; Студенттер үйіне орналастыру, тіркеу және шығару; ID-карталарды, логин-құпиясөзін, «Оңай» картасын алу, қайта ресімдеу;
- әскери есепке қою;
- әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну;
- әскери кафедраға оқуға жіберу;
- Әскери заңнама мәселелері бойынша кеңес беру.
⠀
Онлайн өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз.
Байланыс телефоны: +7(727) 260-40-19, +7 (727) 264-55-97
Электрондық пошта: student_support@turan-edu.kz