Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде 15 қыркүйекте “Тұран” университетінде студенттер үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті.
⠀
Өткізілетін іс-шаралардың басты міндеті діни және дінтану сауаттылығын арттыру болып табылады.
⠀
Терроризммен, “Талибан” қозғалысымен байланысты әлемдегі соңғы оқиғалар аясында қазіргі заманғы жас адамның дүниетанымын қалыптастыруда Исламның Қазақстанда таралу тарихын білу, оның қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы орны мен рөлі қажет.
⠀
Дәрісте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтану PhD докторанты Тунгатова Ұлжан Асқарбайқызы “діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар мен өзекті мәселелер бойынша студенттерді ақпараттандырды.
⠀
Дәріс онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде өтті.