Сәуір айында өтетін кітап көрмелері:
ㅤ
- «Мен, робот» бұл робототехника, жасанды интеллект және бос уақытты өткізуге арналған оқу әдебиеттерінің жинағы. Бұл көрмеде сіз комикстерді, ғылыми фантастиканы және антиутопияларды таба аласыз.
- «Information Technology» – бұл ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық инженерия салалары бойынша оқу әдебиеттерінің жинағы. Көрмеде IT-қызметі бойынша жаңа түскен әдебиеттер, сондай-ақ университет оқытушыларының еңбектері ұсынылған.
- «Қабылдаушы, қалай естіліп тұр, қабылдаушы?» – радиотехника, электроника және телекоммуникация бағыты бойынша жинақталған оқу әдебиеттерінің көрмесі. «Тұран» университеті оқытушыларының ғылыми еңбектері ұсынылады.
- «Ғылым» – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне арналған кітап көрмесі. Мұнда біз ғылымиметрия бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды (журналдарды) ұсынамыз.
- «Ұлттық кітап күні» – кітап оқуға шабыттандыратын және жаңа білім көкжиектерін ашатын көрме.
- «Жаңа кітап – жаңа идея» – оқу залында ұйымдастырылған, үнемі жаңартылып отыратын тұрақты кітап көрмесі.
- «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары» (виртуалды көрме, сілтеме) – көрмеде ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушылары мен ақындарының кітаптары қойылған.