«Тұран» университеті – 2021 жылы қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиаданың қатысушысы

2021 жылғы 3 қазанда Сочи қаласында (Ресей Федерациясы) «Сириус» білім беру орталығының базасында, 2021 жылғы қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиаданың екінші қорытынды (финалдық) кезеңі басталды.

 

Қазақстан Республикасының атынан финалдық турда «Тұран» университетінің студенті Анастасия Мельникова (4 курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) өнер көрсетеді, ғылыми жетекшісі – доцент Н.А.Мусаханова.

 

Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі, КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институт Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның қаржылық барлау бөлімшелерімен бірлесіп ұйымдастырды. Олимпиада Жастардың ақпараттық, қаржылық, құқықтық сауаттылығын және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған. Олимпиада аясында финалдық кезеңге қатысушы елдердің университеттерінің білім беру көрмесі ұйымдастырылды.

 

Ашылу салтанатында Ресей президенті Владимир Путин Олимпиада қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.

 

3-9 қазан аралығында, бес күн ішінде, олимпиаданың финалдық турының 500-ден астам қатысушысы қаржылық сауаттылықта бақ сынайды және бірқатар тақырыптық іс-шараларға қатысады.

 

Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз және оларға жеңіс тілейміз!

 

Видео дерекке сілтеме.

 

Online қабылдау