Психология жоғары мектебінде жыл митабы

18 мамыр | 14:30 | Акт залы

 

«Тұран» университетінің Психология жоғары мектебі сіздерді осы көктемнің зияткерлік орталығына айналатын Дмитрий Алексеевич Леонтьевпен өтетін митапқа шақырады.

 

Дмитрий Алексеевич Леонтьев

 

Қазіргі заманның ең ықпалды психологтарының бірі: 

 

  • психология ғылымдарының докторы;
  • М. В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры;
  • Тұлғаның позитивті психологиясы мен мотивациясы жөніндегі халықаралық зертхана жетекшісі;
  • еркіндік, жауапкершілік, тұлғалық даму және адам субъектілігі мәселелерінің жетекші зерттеушісі;
  • қазіргі тұлға психологиясының ғылыми бағытын айқындаған іргелі еңбектердің авторы.

 

Ғалымның зерттеу оптикасы — адамның өз өмірінің авторына айналу үдерісін, еркіндік пен жауапкершіліктің психологиялық қабаттары қалыптасуын және күрделі әлемде тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды терең талдау.

 

 

Митап модераторы 

 

Қуаныш Шонбай – «Тұран» университетінің «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасының магистранты, автор, кәсіпкер, Respublica партиясының тең төрағасы.

 

Мықты модератор + мықты спикер = маусымның басты зияткерлік оқиғасына айналатын диалог.

 

Бұл жай ғана кездесу емес. Бұл — тұлғаны қалыптастыратын еркіндік, жауапкершілік және ішкі тірек туралы талқыланатын МИТАП.

Online қабылдау