Құрметті студенттер мен ғылыми жетекшілер!
«Тұран» университеті сіздерді 2026 жылғы 22 мамыр айында өтетін «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (РСПО) қатысуға шақырады.
РСПО-ға Қазақстан Жоғары Оқу Орындарының «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын университетішілік бірінші кезеңнен өткен студенттері қатыса алады.
«Тұран» университетінде өтетін олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
I кезең (сырттай, іріктеу кезеңі) «БІЗ – КӘСІБИ МАМАНДАРМЫЗ» тақырыбындағы бейневизитка бағалау нәтижелері және Олимпиада тақырыбы бойынша жобаны сараптау негізінде өткізіледі.
II кезең (офлайн) келесі шараларды қамтиды:
Өткізілу орны: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 16А, «Тұран» университеті.
Тіркеу мерзімі: 2026 жылғы 8 мамырға дейін.
Өтінімдерді жіберу: accouting_rspo_2026@turan-edu.kz
Қосымша ақпарат: Олимпиада ережесі төменде тіркелген құжатта көрсетілген.