ALTER EGO кітап клубындағы кездесулер

8 қазан күні ALTER EGO кітап клубының ашылуы және бірінші отырысы өтті. Өткен екі кездесуде Джордж Оруэллдің «1984» және Виктор Гюгоның «Күліп тұратын адам» («Человек, который смеется») атты екі шығармасы талқыланды.

 

Келесі талқылау үшін қатысушылар бірден 2 кітапты таңдады. Бұлар Михаил Булгаковтың «Морфийі» және Филип Диктің «Андроидтар электрқойлар туралы армандай ма?» («Мечтают ли андроиды об электроовцах?»).

 

Екі шығарма да түбегейлі әр түрлі жанрда. «Морфий» – әңгіме, ал «Андроидтар электрқойлар туралы армандай ма?» –  киберпанк, антиутопия, ғылыми фантастика жанрына жатады. Екі шығармаға да түсірілім жасалды, бұдан басқа олардың арасында тағы қандай ортақ ұқсастықтары бар?

Сіздерді 12 қараша күні сағат 16:00-де кітапхананың ғылыми залына шақырамыз.

Online қабылдау