«Есеп және аудит» кафедрасы 2021 жылдың 12 қазанында “АЖУР Ұлттық аудиторлық компаниясы” ЖШС-ың директоры Жаманқараева Светлана Сатыбалдықызына “Тәжірибелік аудит” пәнінен семинар өткізуге шақырылды.
Сабақ 2021 жылдың 12 қазанында сағат 15.10-да 212 аудиторияда “Есеп және аудит” мамандығының 4 курс студенттері үшін “Ұзақ мерзімді активтердің тәжирибелік аудиті” тақырыбы бойынша өткізілді. Сабақ соңында студенттер сұрақтар қойды, сондай-ақ қонақ дәріскер аудиттегі проблемалық мәселелер туралы айтты.