«Туризм және сервис» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қызмет көрсету саласындағы болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын растайтын сертификаттар алу шарттарымен танысты. «Тұран» университетінің «Туризм» және «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша түлектерінің қолында мансаптық армандарын жүзеге асыруға дайын екендігін көрсететін жоғары білім туралы диплом болады. Сонымен қатар, оның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын біліктілігі мен қабілетін сертификаттармен растауға мүмкіндігі бар. Сертификат беру туралы шешімді сарапшылар мен жұмыс берушілерден тұратын біліктілік комиссиясы қабылдайды.
ҚТҚ және ҚҚҮМҚ Сертификаттау орталығы 2013 жылы «Атамекен» ҰКП Сертификаттау орталықтарының тізіліміне енгізілген «Қазақстан туристік қауымдастығы» (ҚТҚ) және «Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» ҚҚҮМҚ) АТБ жанынан ашылды. Нарық өкілдері техникалық реттеу және метрология комитетінен (НӨТРМК) персоналды аттестациялау үшін сарапшы-аудиторлардың сертификаттарына ие болды. Орталық қызметкерлердің сәйкестігін растайтын орган ретінде ГОСТ ИСО/МЭК 17024-2014 сәйкестігіне ҚР НӨТРМК жанындағы Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген.