STEM бизнес мектебінің бизнес-тренері Асель Темиргалиева “Best CFO 2022” номинациясында жеңімпаз атанды

«Үздік CFO 2022» номинациясында Тұран университетінің STEM бизнес мектебінің бизнес-тренері және Schneider Electric қаржы директоры Асель Темиргалиева жеңімпаз атанды.

 

CFO (Cheif Financial Officer) – компаниядағы ең жоғары әкімшілік лауазым.

Асель алған номинация – «2022 жылдың ең үздік қаржы директоры» байқауындағы марапат.

 

Байқау Қазақстанның экономика, қаржы және инвестицияның өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және шешімдерді іздеу үшін еліміздің үздік қаржыгерлері мен экономистерін біріктіретін кәсіби алаң – CFO Summit негізінде өткізілді.

 

CFO 2022 сыйлығы өз компаниясының қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізіп, оның дамуына елеулі үлес қосқан үздік қаржылық директорларға беріледі.

 

STEM бизнес мектебінде тек үздік бизнес-тренерлер ғана сабақ беріп, тренингтер өткізеді деп сеніммен айта аламыз, бұл біздің біліміміздің жоғары деңгейін көрсетеді.

 

Асельді осындай керемет жетістігімен бірге құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Online қабылдау