“Тұран” университетінің түлегі Непалдағы халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасын басқарды

Қазақстандық Диана Әшімова 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Непалда өткен «Nepal International Film Festival» Халықаралық кинофестивалінің қысқаметражды және деректі фильмдер байқауының қазылар алқасын басқарды.

Фестиваль сайтында: «Диана Әшімова – кино және киноиндустрияда табысты қызметтік тізімі бар тәжірибелі бағдарламалық директор. Оның кино өндіру, оны жылжыту, бағдарламалау және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі бар. Ол «Тұран» Университетінің Кино және теледидар академиясының магистратурасын бітірген және қазіргі уақытта «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік кино фестивалінің көркемдік жетекшісі», – делінген.

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Дианаға алдағы уақытта да табыстарға жете беруді тілейді!

Online қабылдау