ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ФОРУМЫ “Ғылым, білім және қоғамның жүйелі трансформациясы” 18-22 сәуір 2022 ж.

Халықаралық ғылыми-білім беру форумы форумның мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиімділігі мен тұрақты дамуын арттырудың практикалық міндеттерін, сондай-ақ өңірлік және жаһандық білім беру нарықтарының сын-қатерлерін ескере отырып, білім берудің сапасы мен жаңғырту мәселелерін талқылау.

 

Форумның бағыттары:

  • Қазіргі білім беруді трансформациялау векторы;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру;
  • Өңірлік және жаһандық білім беру нарықтарының жаңа сын-қатерлері;
  • Білім және ғылым сапасын арттыру мәселелері;
  • Бизнес-білім берудегі трендтер;
  • Жастар ғылымының даму бағыттары.

Қатысуға шақырылады:

Ғалымдар, оқытушылар, жас ғалымдар мен студенттер, зерттеушілер, мамандар, ҚР басқару органдарының басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, аккредиттеу және рейтинг агенттіктерінің өкілдері, білім беру саласындағы сарапшылары.

 

Қатысу түрі: баяндама (офлайн/онлайн), мақала жариялау

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Форум шеңберінде өткізу көзделеді: жобалық және стратегиялық сессиялар, панельдік пікірталастар, коворкинг-сессиялар, интерактивті алаңдар, дөңгелек үстелдер, халықаралық ғылыми семинарлар, воркшоптар сериясы, белгілі ғалымдардың сараптамалық сессиялары, ашық дәрістер, білім алушыларға арналған фасилитациялық квесттер (СҒЗЖ).

 

Өтетін орны: «Тұран» университеті, Сәтпаев к-сі, 16а

 

Ұйымдастырушылар: «Тұран» университеті, Экономика факультеті, «Цифрлық технологиялар және өнер» факультеті, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты, Өңірдің инновациялық даму орталығы, Білім беруді ақпараттандыру ҒЗИ

 

Өтетін форматы: онлайн / офлайн

Форум бағдарламасын ашу
Online қабылдау