15-18 сәуір күндері «Туризм», «МІжМБ» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері, сонымен қатар «Тұран» университеті колледжінің студенттері оңтүстіктің киелі жерлеріне саяхат жасады. Сапар аясында Отырар елді мекені мен Арыстан-баб кесенесін аралады. Әзірет Сұлтан мұражай қорығының аумағында орналасқан дүниежүзілік мұра ескерткіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көрді. Қазіргі Керуен сарайдың көшелерін аралады. Ғажайып Ақмешіт үңгірінің аркасының астына түсті. Домалақ ана кесенесіне бата сұрап, «Адам ата мен Хауа ана» жартасындағы сынақтан өтті.
Маршрутта студенттер Оңтүстік Қазақстанның туристік ресурстары туралы теориялық білімдерін бекітіп, өңірдің басты рәміздерін өз көздерімен көрді. Сапарды «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары А.В. Величко, М.А. Мусаев, А.Ж. Бүркітбай ұйымдастырды.