Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіндегі қонақ дәрісі

2022 жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласының туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушыларының қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

 

«Туризм» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Милена Кенжебекқызы Мунарбай «Туризм және қонақжайлылық саласындағы коммуникативтік технологиялар» дәрісіне сениор-дәріскерлерді Анар Кайратовна Оспанова мен Мухамедали Ахметжанович Мусаевті шақырды.

 

Дәріс геймификация форматында өтті, студенттер туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласындағы зияткерлік жарыстарға қатысты.

 

Ерекше көзге түскен қатысушылар «Тұран» университетінен естелік сыйлықтар алды

Online қабылдау