«Шапағат» қайырымдылық акциясы

2022 жылдың 02 сәуірі күні «Тұран» университетінде Жастар саясатының президенті Алимов М.З бастаған КДМ мүшелері және «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының доценті А.Адишева және п.ғ.м. М.М.Жагипарова бірлесе отырып, «Шапағат» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

 

Іс-шараға Алматы қаласының №1 балалар үйінен 60 бала, КЦ«Жансая» орталығынан 30 бала келді. Оларды университеттің еріктілер тобы, «PR Turan», «Enactus» ұйымдары бірлесе, университет ішінде экскурсия өткізді. Мәжіліс залында университеттің «Muslab» клубының мүшелері ағылшын, француз, қазақ, орыс тілдерін ән шырқады, сондай-ақ «Trumps» клубының мүшелері би биледі, сонымен қатар викториналар ойнатылып, түрлі сыйлықтар табыс етілді. Іс-шараның соңында үлкен экраннан балаларға арнап мультфильм көрсетілді.

Online қабылдау