ҚР БҒМ академиялық ұтқырылығы бойынша конкурстық комиссиясының отырысы

2022 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлығы аясында 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша Тұран университетінің конкурстық комиссиясының отырысы өтті. Барлық іріктеу рәсімдері шетелге оқуға жіберу ережесіне, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.

 

Тұран университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10 гранты бөлінді: 7 – Еуропа университеттеріне, 2 – Америка Құрама Штаттарына, 1 – Оңтүстік-Шығыс Азияға (Тұран Университетімен ынтымақтастық туралы келісім бар университет болу қажет). Қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің белгіленген нормалары шегінде және кейінгі есеп беру арқылы ұшуды, визалық төлемді, сақтандыруды және тұрғын үй мәселесін қамтиды.

 

Байқауға бакалавриаттың 1, 2 және 3 курс студенттерінен 21 өтінім берілді. Байқау барысында студенттердің құжаттары мен ағылшын деңгейлері тексерілді. Сонымен қатар, студенттер қысқаша презентация жасап, конкурстық комиссияның сұрақтарына жауап берді.

Online қабылдау