Солтүстік Кавказ федералды университетінің (СКФУ) өкілдерімен кездесу, Ресей

26 сәуірде Солтүстік Кавказ федералды университетінің (СКФУ), Ресей Федерациясының өкілдерімен кездесуі өтті.

 

Стратегиялық даму жөніндегі проректор Авралев Н.В. және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық жобалар мен бағдарламалар бөлімінің басшысы Саймоленко В.В. СКФУ және Ставрополь қаласы туралы кіріспе презентация жасады. Кездесу барысында «Тұран» университетінің декандары студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, халықаралық жобаларға қатысу, тағылымдамадан өту, СОП және қос диплом бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.

 

Қорытындылай келе, тараптар Тұран университетінің және СКФУ декандарымен және кафедра меңгерушілерімен жоспарланған жұмыстарды егжей-тегжейлі талқылау үшін одан әрі zoom- кездесулері жайлы келісті.

 

Екі университеттің жемісті ынтымақтастығы студенттер мен оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.

Online қабылдау