«Тұран» университетінің әйелдер командасы футзалдан қыздар лигасында күміс жеңіп алды

Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен “QSQFL-2022” футзалдан Студенттік қыздар лигасы аяқталды.

 

Футзалдан “Тұран” университетінің әйелдер құрама командасы Алматы қаласындағы ҚР ҰҚСЛ аймақтық жарыстарының жеңімпазы ретінде Қазақстанның ең мықты әйелдер командасы атағы үшін күресті.

 

Нәтижесінде біздің команда 2 орын алып, турнирдің күміс медалін жеңіп алды.

 

“Тұран” университетінің әйелдер құрамасынан жеке номинациялар бойынша Милан Бурдакова “Үздік қорғаушы” атағын алды.

 

Финалдық кезең 18-22 сәуір аралығында”Сайран Арена” паркетінде өтті.

Online қабылдау