Istanbul Rumeli университетінде «Тұран» университетінің PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2022 жылдың 24 сәуір күні «Психология» білім беру бағдарламасында оқитын 2 курстың алты докторанты Түркияның беделді университеттерінің бірі – Istanbul Rumeli университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін Түркияның Стамбул қаласына жол тартты. Румели университеті 2015 жылы 23 сәуірде құрылды және 5 факультетте 70-тен астам бағдарламаны жүзеге асырады. Оқыту түрік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Докторанттардың тағылымдама бағдарламасы екі аптаға есептелген және психология саласындағы ғылыми зерттеу әдістері бойынша семинарларды, кітапханалық және электронды ресурстармен жұмысты, сондай-ақ Тұран университетінің докторанттарының докторлық диссертациялары тақырыптары бойынша Психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жеке консультацияларды қамтиды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлық докторанттарға сертификаттар беріледі.

 

2022 жылдың 25 сәуірінде докторанттар Istanbul Rumeli университетінің  7 жылдығына арналған конференцияға қатысып, сол күні университет ректоры, профессор Хазым Тамер Додуркамен (Hazım Tamer Dodurka) кездесу өтті. Біздің докторанттар Тұран университетінің ректоры Р.А. Алшановтың атынан Istanbul Rumeli университетінің ректорына алғыс хат табыс етті.

 

Тағылымдама докторанттардың кәсіби және зерттеу қасиеттерін жетілдіру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады және оларға халықаралық ғылыми-зерттеу ортасына енуге мүмкіндік береді.

Online қабылдау