«Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ HR департаментінің директоры Пиляева Анна Николаевна «Персоналды басқарудағы заманауи трендтер мен құралдар» тақырыбында мастер класс өткізді. Кездесу барысында жұмысқа қабылдаудың жаңа принципі, HR жаңа рөлі, сонымен қатар автоматтандырылған шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Анна Николаевна студенттермен заманауи жағдайларға бейімделу және кадр бөлімшелері басшыларының және жалпы компаниялардың ойлауын өзгерту қажеттілігі туралы өз пікірімен бөлісті.