«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.
2021 жылғы 17 мамырда Тұран университеті «Болашақ» стипендиясын тағайындау ережелері мен шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіруге арналған онлайн брифингке қатысты.
DAAD қызметінің басты мақсаты – Германияда және шетелде жас ұрпақты ғылым мен мәдениет, экономика және саясат салаларында қолдау, ашықтық пен өзара түсіністік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ неміс жоғары оқу орындарының интернационалдығы мен беделін арттыру, шетелдің жоғары оқу орындарында Германияның германистикасын, неміс тілін, әдебиеті мен елтануын қолдау болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – Түркияның жоғары оқу орындары мен басқа елдердің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері арасында академиялық алмасу.