British Council өкілдерімен кездесу

2022 жылдың 16 мамырында Тұран университетінде British Council өкілдерімен: Аймақтық директор Кешав Шридхаранмен және Алматы қаласындағы British Council директоры Жанар Рахымжановамен кездесу өтті.

 

Әңгімелесу барысында бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары, сондай-ақ Тұран университетінде халықаралық емтихандарды өткізу туралы талқыланды.

 

Тұран университеті бүкіл әлем бойынша мойындалатын және сұранысқа ие 3 Халықаралық емтихан: IELTS, TOEFL, SAT ұйымдастыратын және өткізетін Қазақстанның жалғыз жоғары оқу орны.

 

2021 жылдың мамыр айынан бастап университет «IELTS емтиханы үшін  авторизацияланған British Council Тіркеу Орталығы». Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап университет TOEFL ibt және SAT халықаралық емтихандарын өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

 

Тіркелу үшін сілтеме.

Online қабылдау