«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қонақ дәрісі

2022 жылғы 22 қазанда сағ.11:00-де «Тұран» университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттер, магистранттар, докторанттар және «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

 

Кездесу тақырыбы: “ҚР сайлау процесінің заманауи шындықтары және ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру”. Кездесудің модераторы кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Д.А.Оспанова болды.

 

Кездесу барысында профессор, “Адал сайлау үшін” штабының мүшесі Е.Б.Абдрасулов сайлау процесі мен құқықтың өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Штаб мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы Серік Беркамалов заңда көзделген азаматтардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері туралы айтып берді.

 

ҚР Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының үгіт жүргізу ережелері, кандидаттардың БАҚ-тағы жарияланымдар мен эфирлерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету тәсілдері аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

 

Қатысушылар сайлау заңнамасын уақтылы түсіндірудің маңыздылығын атап өтіп, университет қабырғасында өткізілген ауқымды іс-шараға қолдау білдіріп, алғыстарын білдірді.

Online қабылдау