Поморская академиясында (Слупск, Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасының өтуі туралы «Менеджмент» кафедрасының студентінің шолуы

Осы оқу жылының басында “Менеджмент” кафедрасының студенті Сергазин Эльдар байқаудан өтіп,  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу үшін шетелге бір семестр ішінде гранттық негізде ZERO бағдарламасы бойынша Польша Республикасының жетекші оқу орны – Поморскаяакадемиясына барды.

 

Қазіргі уақытта ол еуропалық білім беру жүйесі бойынша білім алып, түрлі жобаларға қатысады. Мысалы, желтоқсан айында Эльдар Австрияның астанасы Вена қаласында менеджмент, экономика, бизнес және маркетинг бойынша Халықаралық ғылыми конференцияда “Әлемдік қаржы саласындағы түбегейлі өзгерістер мен геосаяси жағдайдағы заманауи жаһандық экономика мәселелері” тақырыбындағы ғылыми мақаласын қорғауға шақырылды.

 

Біз, Эльдарға, қазақстандық білім берудің абыройын ойдағыдай қорғап, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді шын жүректен тілейміз!

Online қабылдау