«Қазақстан аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Томирис Какимоваға ректор грантын салтанатты түрде табыстау рәсімі

29 қараша күні «Тұран» университетінде «Қазақстан аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Томирис Какимоваға ректор грантын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

24 жастағы Томирис Астана қаласының тумасы. Ол Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавриат түлегі және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің заңтану магистрі дәрежесінің иегері.  Енді Томирис психология мамандығы бойынша екінші жоғары білімді алу үшін «Тұран» университетінің магистратурасында оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 18 желтоқсан күні біздің үш бірдей студентіміз үлкен жетістікке жеткен «Қазақстан аруы-2022» ұлттық байқауының финалы өтті

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті Томирис Заир Қазақстан вице-миссі атанды.

«Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Дильназ Тилаева «Ғалам аруы» атағының иегері атанды.

«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 2 курс студенті Зарина Нұржанова байқаудың үздік 12 финалистінің қатарына енді.

Аруларымызды құттықтаймыз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз. Әрқашан гүлдей құлпырып, әлемді әдемі күлкілеріңізбен нұрландырып, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз!

Online қабылдау