«Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры з.ғ.к. Алаева Гүлназ Тұрсынқызы еліміздің өсіп-өркендеуіне сіңірген еңбегі үшін және білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрі С.Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды. Министр Алаева Гүлназ Тұрсынқызына адал қызметі үшін алғыс айтып, ел игілігі жолындағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.