«Тұран» университетінде Чандра Маллик ханымның «Йога – өмір салты» ашық дәрісі!

8 ақпанда «Психология» кафедрасының директоры Қайназарова Ақмарал «Үнді Классикалық Би Орталығы И Йогамен» ынтымақтастығында Чандра Маллик ханымның «Йога – өмір салты» атты ашық дәрісі өтті.

 

Лектор – Үндістаннан шақырылған Чандра Маллик ханым, ол Йогиндра Бишну Гхоштың шығыс үнді дәстүрінде йога оқыған. 35 жылдық тәжірибесі бар, терапия мен тамақтануға маманданған ол Раджа йоганың тәжірибесі арқылы Самкхья психологиясы мен философиясын зерттеді. Чандра Маллик стрессті азайту және ішкі тыныштық сезімін арттыру үшін түрлі медитация техникаларын үйретеді.

 

Ашық дәріс ежелгі үнді мәдениетімен танысуға, сауықтыру, рухани және білім беру мақсатында йоганың үздік дәстүрлерін ұсынуға бағытталған.

 

Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау