2023 жыл 17 ақпан «Тұран» университетінде «Қазақстан мен Польша жүйелік өтпелі кезеңде: міндеттер мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Шараны «Тұран» университеті, Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы және «Польша-Шығыс» ынтымақтастығы қауымдастығының ғылыми кеңесі ұйымдастырды. Халықаралық конференцияның ашылуында Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановски, «Польша-Шығыс» ынтымақтастығы қауымдастығының төрағасы Юзеф Брылл және «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы сөз сөйледі.
Конференцияға Люблин католиктік университетінің, Сидльце жаратылыстану-гуманитарлық университетінің, Тарнов қаласындағы қолданбалы ғылымдар академиясының ғалымдары, «Польша-Шығыс» ынтымақтастығы қауымдастығы ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары, «Польша-Шығыс» ынтымақтастығы қауымдастығының төрағасының орынбасары, семинарды ұйымдастыру комитеті (Ярослав Домбровский атындағы Әскери-технологиялық университеті) және т.б. қатысты.
Қазақстан тарапынан баяндамаларымен «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценттері –Ш. Ишмухамедов, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Е.Асылтаева, PhD доктор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының өкілдері М.Губайдуллина, т.ғ.д., профессор, Л.Исова және А.Кульбаева, т.ғ.д., Кәрінбаев Жандос, саясаттанушы, тарихшы сөз сөйледі.
Халықаралық конференцияға қатысушылардың баяндамаларында Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының салаларын қозғадыд. Конференция барысында екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.