«Менеджмент» кафедрасының студенті Сергазин Эльдар «Қазақстан Республикасының үздік студенті» атағына ұсынылып, 2022 жылдың «ТМД-ның 100 жаңа тұлғасы» тізіміне енді

«Тұран» университетінің қабырғасында салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, Сергазин Эльдар екі медальмен, төсбелгілермен, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар І және ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Бұл байқаулар еліміздегі ғылым мен білімді дамыту, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жетекші жас ғалымдарының мәліметтер базасын құру мақсатында ұйымдастырылды.

 

«Қазақстан Республикасының үздік студенті» байқауының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі «Аманат» көпшілік партиясы, сондай-ақ «Bilim- orkenieti» ұлттық ғылыми орталығы.

 

«ТМД-ның 100 жаңа тұлғасы» байқауының ұйымдастырушысы «Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы» ҚҚ және «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы.

Сондай-ақ ғылыми жетекші – Елшибекова Куралай Жанатовна білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Біз Эльдарға қиын-қыстау жолында сәттілік тілейміз, сонымен қатар жас таланттарды қолдағаны үшін Куралай Жанатовнаға алғысымызды білдіреміз

Online қабылдау