Жайдарман әзіл-сықақ кеші

24 ақпан күні университеттің акт залында «Жайдарман» әзіл кеші өтті.

 

Студенттік ойындарға, осындай қойылымдарда тәжірибесі бар түрлі курстар мен мамандықтардың студенттері қатысты.

 

Фестивальді ұйымдастырушы «Журналистика» ББ 1 курс студенті – Кенжеғұл Мухтар басқаратын «Жайдарман» жас студенттік ұйымы болды. Кештің қазылар алқасының құрамында: жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі – ­­Алимов Мансур, студенттік «Life Turan» медиа-жобасының жетекшісі – Кубаева Алина, «Краш» әзіл-сықақ командасының мүшесі – Несіпбай Дастан, «Жайдарман» телевизиялық ойын-сауық бағдарламасының Алматы қалалық филиалының директоры – Құлымбет Оңдасын болды.

 

Фестивальге сахнадағы дебютімен құттықтауға болатын «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттерінің «Дебют» командасы, өзінің жарқын биімен және әнімен ерекшеленген «Журналистика» мамандығының 2 және 3 курс студенттерінің «Фаворит» командасы, театр өнеріне деген сүйіспеншілік біріктірген «Суета» командасы, «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған команда, сонымен қатар алғаш рет өнер көрсеткен «Юниверсал» және «Актерлік өнер» мамандығының шығармашыл студенттерінен құралған, өзгеше атауы бар «Ерекше» командасы қатысты.

 

Кеш бағдарламасында шоудың 2 кезеңі болды: сәлемдесу визиткасы және биатлон, оның барысында барлық командалар сахнаға шығып, кезек бойынша команда өкілдері өздерінің әзілдерін айтады. Бас жүлде – Жайдарман университет лигасының кубогы үшін өткен тартыста қатысушылар өздерінің сахналық және әзіл-оспақ қабілеттерін көрсетіп, залда ешкімді бей-жай қалдырмады.

 

Көңілді студенттік кеш «Фаворит» командасының жеңісімен аяқталды. Қатысушылар кубоктан бөлек «Жайдарман» телевизиялық ойын-сауық бағдарламасының Алматы қалалық филиалының директорынан Қалалық студенттер лигасына қатысуға жеке шақыру алды!

 

Жүлделі 2 және 3 орындарды «Дебют» және «Ерекше» командалары иеленді.

 

Біз студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы өнер көрсетулеріне сәттілік тілейміз!

Online қабылдау