Тұран университеті базалық университет ретінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңін өткізді.
Байқауға жұмыстар 2023 жылдың 29 наурызы мен 24 сәуірі аралығында «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ұсынымдар» талаптарына сәйкес қабылданды. Байқаудың ІІ кезеңіне Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарынан студенттердің 23 ғылыми-зерттеу жұмысы жіберілді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (3 жұмыс), Коммерциялық емес АҚ «Нархоз» (2), «Алматы гуманитарлық – экономикалық университеті» мекемесі (1) , «Тұран» университеті» мекемесі (1), АҚ «Алматы технологиялық университеті» (2), АҚ «Қазақ технология және бизнес университеті» (1), Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (4), Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (1), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (2) және т.б.
КОНКУРС КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ | |
Комиссия төрағасы: | |
Тасов Алмат Альбертұлы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
|
Комиссия мүшелері: | |
Разакова Д.И. |
Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD, стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры
|
Ералина Э.М. | PhD, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары |
Оразбекұлы Ерболат |
PhD, зерттеулер мен инновациялар нәтижелерін коммерцияландыру орталығының директоры
|
Дауренбекова А.Н. | Экономика ғылымдарының докторы, «Менеджмент» кафедрасының профессоры |
Барлық ұсынылған жұмыстар талапқа сай орындалды.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия келесі қатысушыларды жүлделі орындармен марапаттауға ұсынды: