2023-2024 оқу жылындағы академиялық ұтқырлық байқауының қорытындысы

«Тұран» университетінде 2023-2024 оқу жылында академиялық ұтқырлыққа қатысу байқауы өтті

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Тұран» университетіне Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде шетелде білім алу үшін гранттық қаржыландыруға алты орын бөлді.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында университеттің шетелдік серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп, «Тұран» университетінің студенттеріне оқу орындары туралы келісімдерге қол жеткізілді.

 

Семестр бойы тегін білім алуға мүмкінлдік берген шетелдік серіктес университеттер: Woosong University, SolBridge Business School, Тэджок қ., Оңтүстік Корея; Ondokuz Mayis University, Самсун қ., Түркия; Померан академиясы, Слупск қ., Польша; Rzeszów University of Technology, Жешув қ., Польша; Lawrence Technological University, Детройт қ., АҚШ.

 

Конкурстық іріктеуге мемлекеттік грантқа және өз қаражаты есебінен (Zero grant) шетелде білім алуға үміткер 28 студент қатысты.

2023 жылғы 30 мамырда академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларының» 3-тармағына сәйкес білім алушыларды іріктеу критерийлері: студенттің орташа ұпайы (GPA) 3,0 және одан жоғары; кем дегенде В2 деңгейінде ағылшын немесе түрік тілін (Түркия университеттері үшін) білу, белгіленген мерзімде құжаттар пакетін тапсыру.

 

Комиссия Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде келесі студенттерді шетелде оқуға ұсынды:

 

  1. Сейдуманов Алишер Манатович, «Мейрамхана және қонақ үй ісі», 1 курс
  2. Дәулетхан Алтынай Ғалымжанқызы, «Маркетинг», 1 курс
  3. Нұржаубеков Бағдат Серікұлы, «Ақпараттық жүйелер», 1 курс
  4. Мұстафин Дәулет Марғұланұлы, «Аударма ісі», 2 курс
  5. Джумашева Аружан Құрманғазықызы, «Мейрамхана және қонақүй ісі», 3 курс
  6. Асылханова София Ельдарқызы, «Туризм», 3 курс

 

Төмендегі студенттер өз қаражаты есебінен шетелде оқуға ұсынылды:

 

  1. Алмасова Назим Бағдатқызы, «Халықаралық қатынастар», 3 курс
  2. Мағзомова Ақерке Талғатқызы, «Халықаралық қатынастар», 2 курс
  3. Қуатова Аселя Қуанышбекқызы, «Журналистика», 3 курс
  4. Найманбаева Дамира Зауровна, «Журналистика», 2 курс
  5. Жарықов Мәлік Нұрланұлы, «Ақпараттық жүйелер», 3 курс
  6. Ишмуратов Наиль Алиханович, «Ақпараттық жүйелер», 3 курс
  7. Шадыханов Барсбек Эмир Эмилович, «Қоғаммен байланыс», 3 курс
  8. Ерлан Балым Ерланқызы, «Халықаралық қатынастар», 2 курс
  9. Аманжол Ақтоты, «Аударма ісі», 3 курс
  10. Келімбетова Гүлістан Жаңабайқызы, «Аударма ісі», 3 курс
  11. Жеңіс Аида Берікқызы, «Халықаралық қатынастар», 3 курс
  12. Русакова Марина Игоревна, «Халықаралық қатынастар», 3 курс
Online қабылдау