«Тұран» университетінің түлегі «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы болды

«Тұран» университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының түлегі Салимов Тимур Рафхатұлы «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 

Бұл қадам компания тарихындағы маңызды сәтке айналады, әрі қарай дамып, жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысты көрсетеді.

 

Тимур Салимовтың брокерлік нарықта үлкен тәжірибесі бар, «Асыл-инвест» АҚ, «Real Invest group», «Kazkommerts Securities» және «Halyk Global Markets» компанияларында басшылық қызметтерді атқарған. Оның көп жылдық тәжірибесі компанияға стратегияны нығайтуға және жаңа өнімдермен өнімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Жыл басынан бері Jusan Invest көптеген көрсеткіштер бойынша үздік, атап айтқанда «Бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы» деп танылды, сонымен қатар Қазақстан қор биржасының бағалауы бойынша «Инвесторларды тартуға қосқан елеулі үлесі үшін» марапатталды. Бөлшек сегментті дамытқаны үшін» және Астана халықаралық биржасының бағалауы бойынша «Борыштық бағалы қағаздар бойынша үздік инвестициялық банк командасы» атанды.

 

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан етеді және Тимур Салимовқа мансабында сәттілік тілейді!

Online қабылдау