Шетелдік сарапшының «Coaching and Mentoring in Higher Education» тренингі аяқталды

2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Тұран» университетінде Лондон Рейвенсборн университетінің (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі), шақырылған сарапшысы, ассоц. профессор, PhD докторы Дабабрата Нараян Чоудхуридің (Dababrata Narayan Chowdhury) оқытушыларға арналған «Coaching and Mentoring in Higher Education» тренингі өтті.

 

Тренинг барысында қатысушылар коучинг пен тәлімгерлік мәселелерін талқылауға, олардың әртүрлі үлгілері мен схемаларын, сондай-ақ жоғары оқу орындарында тиімді коучинг пен тәлімгерлік қарым-қатынастарды орнату және қолдаудың практикалық стратегияларын зерттеуге мүмкіндік алды.

Online қабылдау