«Тұран» университетінің профессоры А.К. Камаловтың ғылыми жобасын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қолдады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылыми кеңесінің (ҰҒК) шешімімен «Тұран» университетінің профессоры, т.ғ.д. Камалов Аблет Каюмовичтің жетекшілігімен жүргізілетін «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы көші-қон факторы» жобасына 2023-2025 жылдарға арналған қаржы бөлінді. Зерттеу «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы жанындағы Аймақтану орталығында жүргізіледі. Халықаралық қатынастар және Қытай бойынша бір топ ғалымдар мамандары жүргізетін зерттеудің мақсаты – Қытайдың Қазақстанға қоныс аудару тарихы және қазіргі жағдайын және оның екіжақты қарым-қатынастарға әсерін зерттеу. Жоба аясында «Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» (2023) халықаралық конференциясын өткізу жоспарлануда.

Online қабылдау