2023 жылғы 18 – 30 қыркүйек аралығында экономика ғылымдарының докторы, Циттау-Герлиц (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Роланд Гизе PhD докторанттары үшін «Шетелдік басқару тәжірибесі» пәні бойынша сабақтар өткізді.
Роланд Гизе – “Тұран” университетінің құрметті профессоры, қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 18 жыл бойы біздің докторанттарға жыл сайын дәрістер өткізетін шетелдік шақырылған профессор.
«Шетелдік басқару тәжірибесі» – профессор Р. Гизенің авторлық курсы. Сабақтар модульдік форматта өтті. Сабақ барысында профессор Гизе Батыс компанияларындағы шетелдік стратегиялық басқару тәжірибесінің ерекшеліктерімен бөлісті.
2023-2024 оқу жылында бұл курсқа «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының докторанттары қатысты.