Қытай университеттерімен меморандумдарға қол қойылды

29 қыркүйекте «Тұран» университетінде Қытай мемлекетінің өкілдері Гуандун мұхит университеті, Нинся медициналық университеті және Пекин Хунчжоу оқу мектебінің делегациясымен кездесу өтті.

 

Делегация құрамына Нинся медициналық университетінің халықаралық білім беру мектебінің партиялық филиалының хатшысы У Чуан, Нинся медициналық университетінің халықаралық білім беру мектебінің өкілі Ван Бинци, Гуандун мұхит университетінің өкілдері: Халықаралық кеңсе директоры ­Чен Цзинцзюнь, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Ян Цзинь, Түлектер кеңсесінің директоры Тан Бин, Халықаралық департаменттің бөлім бастығы Ян Ли, сондай-ақ Қытай-Солтүстік Африка білім берудегі инновациялар қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары ­Ван Руй кірді.

 

Кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптар – ғылыми ынтымақтастық пен бірлескен жобалардың әлеуетті бағыттарын, студенттердің академиялық алмасу бағдарламалары мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы мүмкіндіктерін анықтау, білім мен академиялық ресурстармен алмасу арналарын құру болды. Кездесудің нәтижесінде Гуандун мұхит университеті және Нинся медициналық университетмімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Алдағы уақытта мекемелер арасындағы академиялық ынтымақтастық пен мәдени алмасуды нығайтуға ықпал ететін бастамаларды дайындау мақсатында қытайлық әріптестермен ынтымақтастық жүргізу жоспарлануда.

Online қабылдау