“Есеп және аудит” кафедрасы 2021 жылғы 13 қазанда сағат 14.00-де Google meet платформасында онлайн режимінде «Цифрлық экономика жағдайында есептңі, аудиттің және талдаудың құралдары мен әдістерін дамыту» тақырыбында бухгалтер және аудитор күніне арналған халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Тұран университетінің “Есеп және аудит” ББ 2-4 курс студенттері мен магистранттары белсенді қатысты, сондай-ақ Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің (5 студент), адмирал С. О. Макаров атындағы Теңіз және өзен флоты мемлекеттік университетінің (5), Қырғыз-Ресей Славян университетінің (6), Samarkand State University of veterinary medicine, animal husbandry and biotechnology (4), Алматы менеджмент Университетінің (4), Алматы технологиялық университетінің (4), ұлттық аграрлық университетінің (4) студенттері баяндама жасады және де оқытушы профессорлары қатысты (Штиллер М.В., Нуралиева Ч.А., Аликулов А.И., Abdushukurov Kh.B., Dilmurodov F.N., Усманалиева Г.Б. және т.б.). Өзекті тақырыптардағы баяндамалар дипломдармен марапатталды.