«Педагогикалық шеберлік мектебі – 2024» аясында «Тұран» университетінде 2024 жылдың 8–12 қаңтар аралығында «StrikePlagiarism.com» антиплагиат жүйесі құралының көмегімен жоғары оқу орындарында академиялық адалдық саясатын жетілдіру» тақырыбында оқытушылар үшін оқыту семинары ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарды интерактивті режимде ҚР (StrikePlagiarism.com) Plagiat.kz бизнесті дамыту жөніндегі менеджері А.С. Кужиева өткізді.
Плагиатқа қарсы жүйе академиялық адалдықтың өзекті құралы және білім беру процесіне қатысушылардың академиялық адалдық кодексін сақтауын қамтамасыз етеді. Жүйенің мүмкіндіктері ғылыми және студенттік жұмыстарды плагиатқа тексеру процедураларын анық және ашық жүргізуге, жүйенің өзінің ішіндегі, интернет желісіндегі мәліметтер базасын тексеруде пайдалануға мүмкіндік береді. Плагиатқа қарсы жүйе Moodle, Univer, Platonus, Hero Study, Canvas, Bright Space, JS-ке қосылған және Ldap каталогымен біріктірілген.
StrikePlagiarism.com бұл плагиатқа қарсы академиялық жүйе, плагиат іздеудің, көшіріп алу көзін талдаудың және автормен кері байланыс орнатудың тиімді құралы.