«Қазақстан Аруы – 2023» байқауының жеңімпазы Сабина Ыдырысоваға Ректор Грантын салтанатты түрде табыстау рәсімі

18 қаңтар күні «Тұран» университетінде «Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы Сабина Ыдырысоваға ректор грантын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

 

Сабина — жан-жақты қыз және еліміздің басты сұлуы. Бала күнінен балетпен айналысып, кәсіби балерина атанды. Селезнев училищесін бітіріп, бірнеше жыл «Астана балет» театрында жұмыс істеді.

 

Аруымызды шын жүректен құттықтаймыз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз. Әрқашан гүлдей құлпырып, әлемді әдемі күлкіңмен нұрландырып, алға қойған мақсатыңа жете бер. Біз Сенімен мақтанамыз!

Online қабылдау