«Мемлекеттік және жергілікті басқаруды дамыту: Қайта жаңғырту мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

«Тұран» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 9 ақпанында «Мемлекеттік және жергілікті басқаруды дамыту: қайта жүктеу мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

 

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. Макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу;
  2. Мемлекеттік және жергілікті басқарудағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру;
  3. Қазақстан мемлекеттік органдарының қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері;
  4. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік білімі мен біліктілігін арттыру;
  5. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік басқарудың рөлі;
  6. Бизнес өкілдері мен азаматтардың алдында мемлекеттік органдардың беделін нығайту.

Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, ЖОО-ның ғалымдары қатысты:

  1. Әлімхан Шынарай Әлімханқызы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы;
  2. Байсалов Мұрат Сейлбекұлы – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы;
  3. Шайтурсын Даулет  – Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
  4. Абилова Айгерім Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының директоры;
  5. Беккайров Нурсултан Болатулы – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы Жастар басталамарын қолдау бөлімінің басшысы;
  6. Қаныбеков Мейрамбек Маханбетәліұлы – Алматы қаласының «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының  бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директор;
  7. Чиреева Бахытгуль Толегеновна – PhD докторы, “Esil University” “Менеджмент”кафедрасының доценті;
  8. Епанчинцева Светлана Эдуардовна – PhD Докторы, Алматы Технологиялық Университеті.⠀
Online қабылдау