Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының оқушыларымен және Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенттерімен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының артықшылықтары мен келешегі туралы жан-жақты ақпарат берілді.