Design Battle хакатонындағы “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенті

2024 жылғы 19-25 ақпанда “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Еркімбеков Инкар белгілі кәсіпкер және меценат Кеңес Хамитұлы Ракишев пен “Сәби” қайырымдылық қорының қолдауымен “МУИТ” АҚ ұйымдастырған “DESIGN BATTLE”хакатонына қатысты.

 

“Design BATTLE” – 2 000 000 тг жүлде қоры бар графикалық және UI/UX дизайнерлері үшін елдің ең ауқымды хакатоны.  “DESIGN BATTLE” хакатоны заманауи дизайнерлік шешімдер арқылы қазақ мәдениеті мен бірегейлігін ілгерілету бастамасына байланысты өткізілді.

 

Еркімбеков Инкар командамен бірге қазақ тілін үйренуге арналған “Kazakh go” мобильді қосымшасының дизайнын құрастырды. Мобильді қосымшада қазақ тілін оқыту саласындағы мамандар жазған интерактивті сабақтар, айтылымды жақсы түсінуге және оны жаңғыртуға көмектесетін аудио және бейнематериалдар болады. Мобильді қосымшаның интерактивті жаттығулары оқу процесін қызықты әрі есте қаларлық етеді.

 

Ерімбеков Инкардың командасы жүлделі орынға ие болмаса да, оларға екі компаниядан дизайн жасау туралы ұсыныс түсті.

Online қабылдау