“Proggy-Buggy Contest 2023” бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада

2023 жылғы 9 желтоқсанда “Турран” университетінде “PROGGY-BUGGY CONTEST 2023” бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада өтті, оны DataArt IT компаниясы ұйымдастырды.

 

PROGGY-BUGGY CONTEST – бағдарламашыларға арналған халықаралық олимпиада, оған соңғы 10 жылда 60-тан астам елдің өкілдері қатысты.

 

Олимпиадаға оқушылар, студенттер, құрастырышылар, тестеушілер және бағдарламалардың қалай жазылатыны туралы түсініктері бар адамдар қатысты. Қатысушылардың 13 есептерді шешуге небәрі 42 минуты болды.

 

Биылғы жылы прогрессивті- PROGGY-BUGGY CONTEST 2023 бағдарламалау бойынша халықаралық байқауға әлемнің 52 елінен 2135 қатысушы қатысты, олардың ішінде “Тұран” Университетінің “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 4 студенті: Мұхамед Ахмад (3 курс), Кан Александр (3 курс), Салманов Наиль (2 курс), Тыныштыкбаев Батырхан (2 курс).

 

Олимпиаданың жеңімпаздары Қазақстан балалары болды:

  • 3 орын-Miracle-_fan_club командасы (Алматы қ., Қазақстан).

 

Сондай-ақ, айыппұл балдарының ең аз санын және оң қорытынды бағанды жинаған қатысушының құрметті санатын Астана қаласынан білім алушы алды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Online қабылдау