2024 жылдың 8 сәуірінде «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ӘРПК-ін қолдану тәжірибесі» тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді. Дәріс беруші Алматы облыстық адвокаттар алқасының заңгері, 1-санаттағы салық консультанты, Қазақстан Республикасы Салық консультанттары палатасының алқа мүшесі, «SULEIMAN&PARTNERS» заң фирмасының басқарушы серіктесі, «Халық заңгері» атты әлеуметтік акцияның бастамашысы, сертификатталған бухгалтер-аудитор, заң ғылымдарының магистрі Сулейманов Жангелді.