«Аудиттегі заңгер» тақырыбындағы мастер-класс

2024 жылғы 15 сәуірде «Есеп және аудит» ББ 3 курс студенттері мен магистрантары  үшін 702 ауд-да ҚР аудиторлар палатасының атқарушы директорының орынбасары Т.Әбиева «Аудиттегі заңгер» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Қаржылық есептілік аудитіне дейін, оның барысында және одан кейінгі құқықтық аспектілер қарастырылды. Аудит аяқталғаннан кейін студенттер сұрақтарға өте қызығушылық танытты. Студенттердің белсенді қатысуымен қатар қойылған сұрақтарына  ҚР ірі ұйымдарындағы аудит жүргізудің нақты мысалдарымен жауаптар алынды. Студенттер одан әрі ынтымақтастық үшін бірнеше тақырыптар ұсынды.

Online қабылдау